Сәулелік диагностика, онкология және радиотерапия орталықтары
Медико – Инновациялық Технологиялар
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикасы қатерлі ісік қазір дүние жүзінде әрбір алтыншы өлімнің себебі екенін көрсетеді. Визуализация, зертханалық тестілеу және гистологиялық зерттеу сияқты тиімді диагностикалық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету қатерлі ісіктерді анықтау және емдеуді жоспарлауда маңызды рөл атқарады.
«Медико-инновациялық технологиялар» ЖШС сәулелік диагностика және қатерлі ісік терапиясы саласында кешенді және инновациялық шешімдерді ұсынады.
Біздің компания 15 жылдан астам уақыт бойы бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) деңгейінен және клиникалық диагностикалық орталықтардан ірі көпсалалы және мамандандырылған онкологиялық орталықтарға дейін “кілтпен тапсырылатын” жобаларды жүзеге асыруда.
Біз типтік және бірегей инновациялық технологиялық шешімдерді жүзеге асырумен Қазақстан халқына онкологиялық көмекті көрсетудің барлық салалары үшін қызметтерді ұсынамыз.
Қызмет бағыттары
Сәулелік диагностика орталықтары;
Сәулелік терапия және ядролық медицина орталықтары;
МРТ бақылауымен бағытталған ультрадыбыстық терапия орталықтары (ФУЗ МРТ);
Әртүрлі маманданған операциялық бөлмелері, гибридті операциялық бөлмелері, роботтандырылған хирургияға арналған операциялық бөлмелері және т.б. бар онкологиялық науқастарға арналған көпсалалы және мамандандырылған ауруханалар;
Медициналық және технологиялық құрал-жабдықтардың аудитін оның нәтижелері бойынша ұсыныстарды әзірлеумен жүргізу;
Медициналық нысандарды қайта жарақтандыру, реконструкциялау немесе жаңадан құру жобаларын талдау;
Қолданыстағы инфрақұрылым мен медициналық логистиканы ескере отырып, медико-технологиялық жобалау және оларды ағымдағы ұлттық және халықаралық талаптарға сәйкес оңтайландыру;
Орталықтардың жобаларын жүзеге асыру;
Иммунитет тапшылығы бар онкологиялық науқастарға арналған стационарларда ТБК құру;
Әлемнің жетекші өндірушілерінің құрал-жабдықтарымен жабдықтау және оларға шығыс материалдарын жеткізу;
Жаңа технологияларды енгізу кезінде мамандарды оқытуды ұйымдастыру;
Кепілдік және кепілдіктен кейінгі техникалық қызмет көрсету.
Сәулелік диагностика, онкология және радиотерапия орталықтарына арналған жабдықтар
Рентген аппараттары, маммографтар;
КТ және МРТ аппараттары;
ЭТ сканерлер және БФЭКТ (Бірфотонды эмиссиялық компьютерлік томография);
Ультрадыбыстық және эндоскопияға арналған аппараттар;
Сызықтық үдеткіштер;
МРТ бақылауындағы ФУЗ жүйесі;
Науқастың жайғастыруы үшін арналған жабдық;
Контрастты затты енгізуге арналған КТ- МРТ инжекторлары;
Дозиметриялық жабдық;
Анестезиология, реанимация, хирургия, зертхана және т.б. үшін басқа да жабдықтар.
Серіктестер
Жобаны жүзеге асыру мысалдары
Шығыс Қазақстан облысының ДСБ-ң "Шығыс Қазақстан облыстық көп салалы онкология және хирургия орталығы" (Өскемен қ.)
Павлодар облысының әкімдігінің Павлодар облысының ДСБ-ң "Павлодар облыстық онкологиялық диспансері" (Павлодар қ.)
Жамбыл облысының әкімдігінің ДСБ-ң "Жамбыл облыстық көп салалы онкология және хирургия орталығы" (Тараз қ.)